БЖЗҚ зейнетақы активтері 1 қаңтарда 10,8 трлн теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ( БЖЗҚ) инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ– ның ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 10 798,31 млрд теңгені құрады», - делінген қор хабарламасында.

1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 7,1% құрады, оның ішінде теңгемен көрсетілген – жылдық 8,7%, шетелдік валютада – жылдық 3,2%.

БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінде негізгі үлес ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының еншісінде, олардың есептік айдағы ағымдағы құны 19,19 млрд теңгеге азайып, 4 368,01 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 40,45%.

Шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының құны 226,42 млрд теңгеге кеміді және 1 235,06 млрд. теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі -11,44%.

Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының құны 361,70 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 3,35% құрады.

ҚР екінші деңгейдегі банктеріндегі орташа мерзімді өтеу мерзімі 4, 64 жылды құрайтын салымдардың құны есепті айда 0,44 млрд теңгеге төмендеп, 254,91 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 2,36%.

Шетелдік банктердегі депозиттердің құны 328,42 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 3,04% .

Ұлттық банктегі депозиттердің құны 138 миллиард теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 1,28%.

ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларының ағымдағы құны 1,13 млрд теңгеге кеміді және 1 604,96 млрд теңге көлемінде. Олардың портфельдегі үлесі 14,86% құрады.

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларының ағымдағы құны 11,48 млрд теңгеге азайды және 1 183,29 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі -10,96%.

Квазимемлекеттік сектордың шетелдік эмитенттерінің облигацияларының құны 232,50 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 2,15 %.


Соңғы жаңалықтар