БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 332 млрд теңгеге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі инвестициялық табысы 332 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті. Жыл басынан бергі өсім - 4%.

«Зейнетақы активтерін әртүрлі валютадағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық табысты қамтамасыз етіп, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеру тәуекелдерінен қорғайды. Зейнетақы актив і құрылымының 33,7%-дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Оның басым бөлігі - АҚШ долларында» делінген хабарламада.

2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде - 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шотына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (өткен жылдың осы кезеңінде - 54,74 млрд теңге).


Соңғы жаңалықтар