+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Былтыр жұмыстан қуылған полиция басшысы қайта бастық болып тағайындалды

2021 жылғы 12 сәуір 12:27
Бөлісіңіз:
Былтыр жұмыстан қуылған полиция басшысы қайта бастық болып тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр сәуір айында карантин талабын бұзып, жұмыстан қуылған Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин қайта жаңа лауазымға тағайындалды. Енді ол Талғар ауданының полиция басқармасын басқарады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды Аға криминалист Ұлжан Оразалиева: Қылмысты ашу үшін «қиын жұмбақты» шешуге тура келеді Бала күнімнен форма киіп, әскери болуды армандадым - тергеуші қыз

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған кадрлық тағайындауға байланысты пікір білдірді.

«Полиция полковнигі Ж. Зиадин әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды және ішкі істер органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар (20 жылдан астам) қызметкер. Сонымен қатар, Ж. Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылдың 5 ақпанында тағайындалғанын хабарлаймыз. ҚР ІІМ штаттық лауазымдарына сәйкес, бұл лауазым бұрын босатылған лауазымынан бір саты төмен болып табылады»,- делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айында Ж. Зиадин Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымынан карантиндік режим нормаларын бұзғаны үшін «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Алдымен желіде жол ережесін өрескел бұзып жүрген жол талғамайтын көлік көрсетіледі және олардың блокпостан ешкедергісіз өткенін көруге болады. Артынша үлкен дастархан басындағы басқосу бейнежазбаға жалынған. Осы видеоға байланысты артынша лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тексеру басталып, басшылық қызметімен қоштасқан болатын.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің« 65-бабының 3-тармағына сәйкес «әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT