Былтыр ТМД елдерінің бірлескен жалпы ішкі өнімі 4,7% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес барысында көпжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Делегациялар экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті проблемалары бойынша пікір алмасты.

ТМД мемлекетаралық статистика комитетінің төрағасы Константин Лайкам ТМД мемлекеттерінің 2021 жылғы экономикасының негізгі мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынды.

2021 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен жалпы ішкі өнімі алдын ала бағалау бойынша 4,7%-ға өскен (2020 жылы ол 2,5%-ға азайған еді).

Бұл көрсеткіштерді талдау нәтижелері достастық шеңберінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, сыртқы сауда байланыстарын нығайтуға, мемлекеттік қаржы мен қаржы нарығының тұрақтылығына бағытталған іс-шараларды дайындау мен іске асыру кезінде пайдаланылады.

Отырыс барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қазіргі экономикалық жағдайына және туындаған проблемаларға әрекет етудің бірлескен шараларын қарауға ерекше назар аударылды.

Мұнда ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов баяндама жасады.

Соңғы екі жарым айда ТМД мемлекеттерінің және атқарушы комитетінің салалық органдары мен жауапты өкілдері өзара сауда, көлік, энергетика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы және басқа өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша нақты шаралар тізбесін бірлесіп әзірлеп, мақұлдаған.

Құжат салалық ынтымақтастық органдарының ұлттық экономикалардың орнықты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі одан арғы қадамдарды іске асыруы үшін негіз болуға тиіс.


Соңғы жаңалықтар