Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады

2022 жылғы 20 мамыр 15:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарының операторлары мемлекет бюджетіне 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы 3 ірі оператордың қызметінен мемлекеттік бюджетке жалпы тікелей төлем көлемі 7,5 млрд доллардан асып түсті», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің дерегінше, «Теңізшевройл» компаниясы еліміздің бюджетіне 4,5 млрд доллар төледі.

Республика Қарашығанақ жобасынан 2,6 млрд доллар алды.

Оның ішінде профит-ойл (инвестордың кірісін қалыптастыратын және республика бюджетіне кететін мұнайдың бөлігі) түріндегі 1,98 млрд доллар - Ұлттық қорға, және салық түрінде 0,65 млрд доллар - жергілікті және республикалық бюджетке аударылды.

Ал Солтүстік Каспий жобасынан елімізге 0,4 млрд доллар (басым төлем түрінде 274 млн доллар және профит-ойл түрінде 170 млн доллар) түсті.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар