БҰҰ тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіруге атсалыспақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп Іле-Балқаш экожүйелерін қалпына келтіруге арналған жобаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы БҰҰ-ның даму бағдарламасының коммуникациялар жөніндегі кеңсесі ақпарат таратты.

Он жылға (2021-2030 ж.ж.) межеленген бағдарлама тұран жолбарысының тарихи мекеніндегі экологиялық жағдайды жақсарту арқылы сирек жануарларға табиғи орта қалыпстыруды көздейді.

«Бұл бастама БҰҰ ДБ мен Қазақстан үкіметі арасындағы көпжылдық ынтымақтыстық аясында жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде, Іле өзені атырабының жайылма ормандарын қалпына келтіру және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тұран жолбарысының реинтродукциясына қажет жемшөп қорын тұрақты қалыптастыру жоспарланып отыр. Өңірдің бірегей табиғаты мен биоалуандығын сақтау маңыздыо Осы жөнінде халықты кеңінен құлақтандыруға және жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдауға ерекше назар аударылады», - деп жазылған ресми мәліметте.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериштің айтуына қарағанда, бірегей экожүйелер мен биоалуандықты, флора мен фаунаны қалпына келтіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

«Қазақстан. биоалуандықтың сақталуына көп көңіл бөледі. Соның аясында түрлі мақсатты бағдарламалар қолға алынған. Біз таңдаған «жасыл экономикаға» өту концепциясы тиімді басқару мен тұрақты даму қағидаларына сай келеді», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев.


Соңғы жаңалықтар