БҰҰ сарапшысы: «Жусан» операциясы - басқа мемлекеттерге үлгі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның адам құқықтарын және іргелі бостандықтарын ілгерілету мен қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолэйн Қазақстанның Сирия мен Ирактағы жанжал аймағынан өз азаматтарын қайтару бастамасын өзге елдерге үлгі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін БҰҰ тәуелсіз сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн Қазақстанда болған 8 күндік ресми сапарының алғашқы қорытындыларын жариялады. БҰҰ өкілі Қазақстанда лаңкестік пен терроризмге қарсы ұлттық заңнаманың қалай орындалып жатқанын зерделеп, заңның кейбір тұстарын халықаралық нормаларға сай жетілдіру қажет екенін байқағанын айтты.

«Қазақстан Үкіметінің шақыруымен осында 8 күндік ресми сапарда болдым. Ең әуелі Қазақстанның Сирия мен Иракта қалған азаматтарын қайтарып алу бойынша қолға алған гуманитарлық бастамасын сәтті жоба ретінде атар едім. Бұл бастама арқылы сіздер өзге мемлекеттерге жанжал алаңындағы әйелдер мен балаларды әкелу мүмкін екенін көрсеттіңіздер. Өзге елдер бұл тұрғыда Қазақстаннан үлгі алуы керек», - дейді Фионнуала Ни Аолэйн.

Ол, сондай-ақ, ресми сапар аясында жасаған қорытындылары негізінде Қазақстан аумағында лаңкестік пен экстремизм істерін тергеу, сот өндірісін жүргізу, түзету мекемелеріндегі радикалсыздандыру шараларына реформа жасау бойынша бірқатар ұсыныстар дайындайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар