БҰҰ сарапшысы: Қазақстанның электрондық үкіметін барлық мемлекеттерге үлгі етуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшы, БҰҰ электрондық үкімет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының промоХҚО-сы мен ахуалдық орталығына келу барысында мемлекеттік корпорацияның қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету моделін басқа елдерге де пайдалануға болатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық үкіметтеріңіз – мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге болады, тіпті өзге елдер үшін Қазақстанда цифрлық саясаттың қалай жасалып жатқаны және қызметтердің қалай ұсынылатыны жайлы турлар ұйымдастыруға болады. Цифрлық қызметтердің дамуы туралы айта келе, Қазақстан – болашағы зор ел деп айта аламын», – деді халықаралық сарапшы.


Акуаро Винченсо, сондай-ақ Қазақстан e-үкімет рейтингісінде жоғары позицияға ие болғанын және цифрлық үкімет пен инновациялар бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі болуға лайық екенін айтып өтті.


Мейманға мемлекеттік қызметтерді ХҚО және оның онлайн баламасы – egov.kz порталы арқылы қалай алуға болатыны туралы айтылып қана қоймай, мемлекеттік корпорацияның ахуалдық орталығында Қазақстанның 350 фронт-офисінің жұмысы қалай бақылатыны да көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар