БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясы: 2010 - 2019 жылдар ең ыстық кезеңге айналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар 2010 - 2019 жыл аралығындағы орташа температура бақылау енгізілгелі бергі ең ыстық кезең болатындығына еш шүбә келтірмей отыр, деп хабарлайды ВВС.

Мадридте өтіп жатқан климат бойынша саммиттегі Дүниежүзілік метерологиялық ұйымның алдын ала деректеріне қарағанда, 2019 жыл - ғаламшарда температураны өлшеу қолға алынғалы бергі ең ыстық болған екі немесе үшінші жылдың бірі.

Егер осы үрдіс жалғаса берсе, 2015-2019 жылдар ең ыстық бесжылдыққа айналмақ.

Бұл атмосфераға парниктік газдың ұдайы жинақталуының салдары.

Бұл ұйымның жаһандық жылымық бойынша 2019 жылдың қазан айына дейінгі есебінде айтылды. Аталмыш кезеңде орташа температура 1850 жылмен салыстырғанда 1,1 градусқа жоғарылаған.

Соңғы жаңалықтар