БҰҰ Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатына оң баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Орталық Азия елдеріндегі кеңесшісі Александр Водяноймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің Telegram каналында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Алик Шпекбаев қонақты іске асырылып жатқан реформалармен, ведомствоның жұмысымен және негізгі нәтижелерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Александр Водяной БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы құқықтық жүйені, сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі саясат пен ұлттық стратегияны нығайту бойынша қызметі жайлы айтып берді.

«Агенттік мамандарының жоғары деңгейдегі құзіретімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін шешудегі кешенді тәсілімен ерекшеленеді», – деді А.Водяной.

Сондай-ақ, ол елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы тәсілдеріне оң баға берді. Халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес келетін алдын алу шараларының басымдығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне қоғамды жұмылдыруға назар аударды. Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ұжымдық күш-жігер қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы өзара әрекеттестік бойынша нақты қадамдарды анықтады.


Соңғы жаңалықтар