БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қауіпсіздік кеңесі COVID-19 халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіретін қауіп-қатерін мойындап, бүгін БҰҰ Бас хатшысының жауынгерлік іс-қимылдарды жалпыға бірдей және үш айға дереу тоқтатуға шақырған үндеуін қолдады. Оқ атуды тоқтату террористік топтарға қарсы операцияларға қолданылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бірауыздан қабылданған қарарда Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері COVID 19 пандемиясы барлық елге, әсіресе қақтығыс жүріп жатқан немесе гуманитарлық дағдарыс жүріп жатқан елдерге жойқын әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде, «жанжал жағдайларындағы зорлық-зомбылық пен тұрақсыздық жағдайы пандемияны өршітуі мүмкін».

Бұрын-соңды болмаған пандемия «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндіре алатынын» ескере отырып, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қарулы қақтығыстарға қатысушы барлық тарапты кемінде 90 күнге гуманитарлық үзіліс алуға шақырды. Бұл гуманитарлық қызметкерлерге кедергісіз және үнемі өзіне қауіп төндірмей, мұқтаж адамдарға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Алайда, қарардың авторлары атап өткендей, гуманитарлық үзіліс пен от атуды тоқтату ИШИМ, «Әл-Каида» және «Ан-Нусраға», сондай-ақ олармен байланысты барлық топтар мен ұйымдарға және Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған басқа да топтарға қарсы әскери операцияларға қолданылмайды.

Кеңес мүшелері сондай-ақ БҰҰ-ның барлық бөлімшелеріне қарулы қақтығысты немесе гуманитарлық дағдарысты бастан кешірген елдерге ерекше назар аудара отырып, пандемияға жауап ретінде неғұрлым белсенді іс-қимыл жасауды ұсынды. Олар БҰҰ басшысына БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына «өз мандаттары мен мүмкіндіктеріне қарай отырып, қабылдаушы елдердің биліктеріне пандемияны тежеу бойынша күш-жігеріне қолдау көрсетуді» тапсыруға өкілеттік берді.

23 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүкіл әлем бойынша қарулы қақтығыстардың барлық тараптарына әскери іс-қимылдарды тоқтатуға және COVID 19 пандемиясымен күресуге шақырды.

«Біз нәсілдерді, ұлттарды немесе сенімдерді ажыратып талғамайтын бәрімізге ортақ жауға тап болдық», - деп еске салды БҰҰ басшысы.

Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша пандемия қаупін күшейтетін және онымен күресуге мүмкіндік бермейтін әскери қақтығыстар орын алуда. Гутерриш «қарулы қақтығыстарға «карантин» жариялаудың және барлық күшті біздің өмірімізге байланысты болатын күреске жұмылдыратын уақыт келетінін» мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар