БҰҰ Хатшылығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Хатшылығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Туристерге арналған барлық экскурсиялар тоқтатылды, ғимаратқа дезинфекциялық сұйықтықтары бар қондырғылар орнатылды. Инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша барлық шаралар қабылдануда. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін барлық сайд-ивенттерді (ілеспе іс-шараларды) алып тастады. Хатшылықтың қызметкерлері аптасына үш күнге дейін (ауруға жоғары қаупі бар адамдарға -5 күнге дейін) қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. БҰҰ ұйымдарының көптеген ресми отырысы қысқартылған режимге көшеді немесе қашықтықтан өтеді»,-деп жазды Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ ол жақын арада өтуі тиіс барлық ауқымды шаралардың тоқтатылатынын немесе кейінге қалдырылатынын айтады. Оның ішінде Наурыз мерекесі, БҰҰ Жастар форумы, ЭКОСОС серіктестер форумы және т.б. бар.

Ұлыбритания, Дания, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, Ирландия, Бразилия, Фиджи, Мальта, Норвегия, Парагвай, Словакия, Аустралия, Кирибати және басқа да елдердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктері өздерінің офистерін жауып, толығымен қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өтті.


«Әсіресе әріптестерінің, БҰҰ-да жұмыс істейтін шетелдік дипломаттардың бірінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабардан кейін жағдай ерекше алаңдаушылық тудырған»,-деп жазды.


Соңғы жаңалықтар