БҰҰ: Ауғанстанға көмекке миллард доллардан астам қаражат жиналды
Конференция қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген БҰҰ басшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, кездесу ойдағыдай өткен. Оның жұмысына БҰҰ-ға мүше 96 елді қоса алғанда 156 тарап сондай-ақ 33 халықаралық және өңірлік ұйымдар мен 22 ҮЕҰ қатысқан.
«Халықаралық қауымдастық ортақ пікірде: қазір Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру керек», - деп атап өтті Гутерриш.
БҰҰ басшысының айтуынша, ауған экономикасын қолдау қажет және оның құлдырауын болдырмауға көмектесу керек.
«Өздеріңіз білетіндей, үлкен қауіп бар, Ауғанстанда қолма-қол ақша жетіспейді», - деді ол.
БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ның «Талибан» қозғалысынан екі құжатпен (бірінші тәліптер гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік береді, ал екіншісі – гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы) жазбаша міндеттемелер алғанын растады .
«Біз «Талибан» қозғалысының халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қауымдастықтың ықпал ету тетігі бар», – деп сөзін толықтырды Антониу Гутерриш.