БҰҰ 2040 жылға дейін іштен жану двигателімен жүретін көліктерді шығаруды тоқтатуға шақырды

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Біз болашақта көліктерді мүлдем қалдық шығармайтындай қауіпсіз етуіміз керек және бұл іс жаһандық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Бейжіңде өтіп жатқан БҰҰ-нің Екінші Жаһандық конференциясының қатысушыларына жолдаған бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, адамзат климат пен биоалуандылық саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудан алшақтап барады.

«Бүгінгі таңда біз шекті меже 1,5 градус Цельсийге дейінгі жылынудың жоғарғы деңгейіне жетіп қалдық»,-деді Бас хатшы.

«Климаттың өзгеруінің алдын алу, табиғатты сақтап қалып, ластануға жол бермеуге ықпал ете алатын әрекеттердің мүмкіндігі сарқылып барады. Біз енді өте жедел әрі бірлесе отырып, әрекет етуіміз керек. Үлесі әлемдегі парниктік газдардың шығарындыларының ширек бөлігін алатын көліктер осы проблеманы шешудің басты факторы болып табылады»,-деді А.Гуттериш.

БҰҰ Бас хатшысы 2040 жылға дейін іштен жану қозғалтқышымен жүретін көліктерді шығаруды тоқтауға шақырды.

«Әуе компанияларына эколгиялық жағынан таза авиациялық отынды тұтынуды осы кезден-ақ бастау керек»,-деді ол.

«Үкімет өкілдеріне экологиялық жағынан таза көліктер шығаруды ынталандыру керек», деп ерекше атап өтті А.Гуттериш.

Айта кетейік, 14-16 қазан аралығында Бейжіңде БҰҰ-ның тұрақты транспорт жөніндегі Екінші Жаһандық конференциясы өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, конференция 2030 жылға дейінгі аралықты қамтитын тұрақты даму бойынша Күн тәртібінде тұрған тұрақты даму бағытындағы мақсаттарға қол жеткізетін барлық көлік түрлерінің байланысын нығайтуда маңызды қадам болады. Тұрақты транспорт жөніндегі Бірінші Жаһандық конференция Түрікменстанда 2016 жылы өтті.

Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар