Бутаков шатқалындағы орманды қалпына келтіру 2021 жылы басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Іле Алатау ұлттық паркінің басшылығы кесілген ағаштар абаттандыру бағыттарында қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін көпшілік Бутаков шатқалындағы орман жабындысын қайта келтіру жобасына күмәнмен қараған болатын.

«Бутаковка шатқалында кесілген ағаштар тек осы парк шеңберінде қолданылады. Еуропалық шыршаның діңдері абаттандыру элементтері үстел, орындық, ақпараттық тақтайшалар, беседкалар жасауға пайдаланылады», - деді парктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бутаков шатқалындағы орманды қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы көктемде қолға алынбақ.


Соңғы жаңалықтар