+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Бұршақ, найзағай: Еліміздің барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды

2021 жылғы 21 маусым 17:08
Бөлісіңіз:
Бұршақ, найзағай: Еліміздің барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмаға арналған ауа райы болжамы Тамыз айында бірнеше өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады - ҚР ТЖМ Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады

Алматы облысының таулы аудандарда қатты жанбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Алматы облысындағыІле Алатауы, Жетісу Алатауында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Қырғыз Алатауында: өткінші жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 25 м/с артады.

Батыс Алтайда: жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ болжанады. Батыс, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Тарбағатайда: кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс желі 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі болжанады.

Алматы қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі найзағай кезінде 15 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с артады. Күндіз кей жерлерде 42 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады.

22 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, 23 м/с артады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

22 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, 24 маусымда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 22-24 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT