Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» республикалық турнирі өтеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Қансонар – қазақ халқы үшін бұрыннан келе жатқан аңшылық дәстүр.

Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Бұл турнир 2018 жылдан бері «Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын.

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры 1.5 млн. теңге.




Соңғы жаңалықтар