Бурабайдағы қонақүйден 1,2 миллион теңгенің асыл бұйымдарын тонаған күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қонақүйден ұрланған асыл бұйымдар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы мамырдың 15-де Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне курорттық аймақтағы қонақүйлердің біріндегі қаупсіздік қызметінің басшысынан арыз түсті.

Ер адамның сөзінше, «Гранд-отель» кеңсесінен асыл бұйымдар салынған конверт жоғалған.

«Шығын көлемі 1 257 000 теңгені құрады. Криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері Щучье қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Одан заттай айғақтар алынды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігі бойынша «ұрлық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар