Бурабайдағы Кіші Шабақты көлінде мобильді құтқару бекеті ашылды

None
None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Кіші Шабақты көлінің жағасында шомылу маусымы басталар алдында мобильді құтқару бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл сайын жазғы маусым кезінде облыс аумағындағы су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін құтқару бекеттері ашылады. Сондай су айдындарының бірі - Кіші Шабақты көлі. Мұнда құтқарушылар аспалы моторы бар қайық, жылжымалы тіркеме, автономды электр және жылу генераторы сияқты құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген», – дейді облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мекемесі бастығының орынбасары, жедел құтқару жасағының жетекшісі Дәулет Шамиғанов.

Еске сала кетейік, облыс аумағында бес құтқару бекеті бар. Олар Бурабай, Зеренді аудандары және Көкшетау қаласының көлдерінде орналасқан. Онда 61 кәсіби құтқарушы жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, тағы 105 құтқарушы мен 35 маусымдық қоғамдық құтқару бекеті бар.


Соңғы жаңалықтар