Бурабайда тауға шыққан жұп құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабайда курортында Көкшетау тауына шығып, өз күштерімен түсе алмаған жігіт пен қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 тамызда сағат 14:55-те Щучье қаласының құтқару жасағына Көкшетау тауына шыққан жас жұптың төмен түсе алмай жатқандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге барған құтқарушылар альпенистік жабдықтың көмегімен жігіт пен қызды тау етегіне түсірді», - дейді ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.


Құтқарушылардың көмегіне жүгінген Көкшетау қаласының тұрғыны Шолпан Бейсембаеваның сөзінше, олар таудың басына шығып, табиғатты тамашаламақ болған. Алайда, кейін жаңбыр жауып, тастың бетін тайғанақ болғандықтан төмен түсуге қорыққан. Сол себепті, құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұраған.


Соңғы жаңалықтар