Валюта бағамдары:
    usd/kzt 431.07 eur/kzt 485.51

    rub/kzt 5.69 cny/kzt 67.47
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: -10 °С
Алматы: -5 °С

Бурабайда сілеусін алғаш рет фототұзаққа түсіп қалды

2021 жылғы 15 қазан 11:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы парктің желідегі парақшасында ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазбада айтылғандай, өңірде сілеусіннің фототұзаққа түсіп қалуы алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл аң өте сақ, сондықтан оны жасырын камерамен суретке түсіру өте қиын.

«Сілеусін-мысықтар отрядына жатанын ең әдемі аң, ол ешқашан адамға бірінші болып шабуыл жасамайды. Сілеусін жүргенде немесе секіріп қарғығанда артқы аяқтары алдыңғы аяқтарының ізін басады»- деп жазылған хабарламада.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, сілеусін күніне 30 шақырымға дейін орман кезеді. Сілеусіндер өзінің аумағында оларға аң аулауға жол бермейді.


Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме