Бурабайда шомылып жүрген екі баланы толқын көлдің ортасына алып кеткен

None
None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Кіші Шабақты көлінде екі бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, үрлемелі бассейнде болған 7,5 жасар екі баланы толқын көлдің ортасына алып кеткен. Желдің қатты болғанына қарамастан балалар құтқарушылар келгенше бассейнге жармасып, ұстап тұрды.

«Сағат 18:53 шамасында Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде кәмелет жасына толмаған екі баланы толқын жағадан алып кеткені туралы хабар түсті. Айтылған жерге мобильді құтқару бекетінің құтқарушылары Ерлан Жапаров пен Ерсін Нұрақай жетті. Құтқарушылар 2012 және 2015 жылғы баланы қайыққа отырғызып, жағаға алып шығып ата-анасына тапсырды» дейді құтқару жасағының бас құтқарушысы Еркін Төлепбергенов.

Айта кетейік, таяуда Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде судан құтқару бекеті ашылған болатын.


Соңғы жаңалықтар