+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бурабайда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқылануда

2019 жылғы 6 желтоқсан 21:10
Бөлісіңіз:
Бурабайда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқылануда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтіп жатқан конференцияға еліміз әр өңірінен келген инклюзивті білім беру теориясы мен тәжірибесін дамытатын ғалымдар, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, дефектологтар, психологтар, қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы-педагогтар сияқты мамандар қатысып, тәжірибе алмасуда.

«Инклюзивті мәдениетті дамыту мәселелері бойынша білім беру саласындағы кәсіби қауымдастықтың күшін нығайту конференцияның басты мақсаты», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Конференция жұмысы жалпы білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, ерекше білім қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, дефектология инклюзия базисі ретінде, инклюзивті білім берудің тиімді педагогикалық технологиялары, қосымша білім беретін мекемелерде инклюзияны жүзеге асыру ерекшеліктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету - педагогикалық жұмыстардың заманауи әдістері тәрізді алты бағыттан тұрады.

Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, университеттердің жетекші ғалымдарының, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА инклюзивті білім беруді дамыту орталығының, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қатысуымен тақырыптық алаңдары, инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытатын жалпы білім беретін және арнайы мектеп мамандарының, «Балдәурен» РОСО қызметкерлерінің шеберлік сыныптары қарастырылған.

«Әріптестеріміз Ақмола облысындағы білім мекемелерінде инклюзивті білімді енгізудегі тәжірибелерімен бөлісті», - дейді Ақмола облыстық білім басқармасындағылар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT