Бурабай ТМД-дағы ең танымал шипажайлардың алғашқы үштігіне кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТурСтат туристік порталы жаз айларында шипажай-курорттық және емдеу-сауықтыру демалысы үшін ТМД-ның ең үздік елдері мен шипажайларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған рейтингте ТМД елдеріндегі сауықтыру демалысы мен емделу үшін ең танымал мемлекеттердің тізімін Беларусь, Қазақстан және Әзербайжан шипажайлары бастап тұр. Емдеу-сауықтыру демалысы үшін үздік бестікке Беларусьтағы Нарочь, Қазақстандағы Бурабай, Әзербайжандағы Нафталан, Армениядағы Джермук және Қырғызстандағы Ыстықкөл шипажайлары кіреді.

ТМД елдері шипажайларында қону, тамақтану және ем алу үшін әр келуші орташа есеппен тәулігіне 17 мың теңге жұмсайды.

Рейтинг шипажай-курорттық және емдеу-сауықтыру демалысы үшін ТМД шипажаларының танымалдығына сараптама жасау нәтижесінде әзірленген.


Соңғы жаңалықтар