Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды: полиция іс қозғады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесінің сынуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы сәуірдің 22:10-да Бурабай ауданындық Полиция бөлімі жедел жәрдем көлігінің терезесі сынуына байланысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы «өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе жою» бойынша қылмыстық іс қозғады», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бурабай ауданында науқасты ауруханаға алып кетіп бара жатқан терезесі сынық жедел жәрдем көлігі туралы ақпарат тараған болатын. Желі қолданушылар көлікке оқ тигенін айтуда. Оны Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасындағыларда жоққа шығармады.

«11 сәуірінде түнгі сағат 22:10 жүріп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды. Көлікке оқ атты деген болжам жоққа шығарылмайды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дегенмен, бастапқы да әлеуметтік желі де тараған ақпарат кейін алынып тасталды.


Соңғы жаңалықтар