Бүлдіршіндер #Абай175 челленджін қолдап, ұлы ақынның шығармаларын оқыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдық мерейтойының атап өтілуіне еліміздің бүлдіршіндері де үлес қосып, ұлы ақынның өлең, қара сөздерін оқыды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі бүлдіршіндердің өнеріне шолу жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

21 қаңтарда елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өткізілді.

Сонымен қатар, былтыр Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы оқушының эстафетасын Президент іліп әкетіп, Абайдың өлеңі мен қара сөзін оқу дәстүрі бүгінде әлемге тарап кеткен еді.

#Абай175 челленджін еліміздегі бүлдіршіндер де қолдап, ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуға атсалысты. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.


Бексұлтан Есболұлы . 6 жаста.

Айзере Қуатбекова. 6 жаста

Айдос Шәмшат. 2-сынып оқушысы

Жігер Асқарұлы. 6 жаста

Аянат Әскерқызы. 3 жаста

Әлия Қайырғали. 1-сынып оқушысы

Еске сала кетсек, биыл Қазақстанда тұңғыш рет Абай күні аталып өтеді.



Соңғы жаңалықтар