+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Нығматулин Экология министріне: Ауылға барып келіңіз...

2020 жылғы 28 қазан 10:44
Бөлісіңіз:
Нығматулин Экология министріне: Ауылға барып келіңіз...

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экологиялық кодекстің жобасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мағзұм Мырзағалиев экология жол картасы қандай нәтижеге жеткізетінін айтты Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 33 іс-шара бекітілді ШҚО-да атмосфера сапасын жақсартуға бес жылда 24 млрд теңге жұмсалады

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекстің жобасын қорғаған болатын.

Заң жобасы бойынша Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин пікірін білдірді.

«Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (Мағзұм Мырзағалиевке қарата) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

«Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз», - деген Нұрлан Нығматулин екінші оқылымда осы олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT