Бұқтырма су қоймасында бір отбасы суға батып кете жаздады

None
None
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Бұқтырма су қоймасында бір отбасының өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 шілдеде үш адамнан тұратын отбасы үрленетін моторлы қайықпен Бұқтырма су қоймасында демалыс базасына қарай бара жатқан. Бір кезде қайық аударылып қалады.

Үш адам жағаның бойымен жүзіп, өрмелеп жартасқа шыққан. Соның арқасында суға батып кетпей, аман қалады. Олар сол жерден ұялы телефонмен құтқарушыларға хабарласады.

Жедел-құтқару жасағының Бұқтырмадағы бөлімшесінің қызметкерлері зардап шеккендерді тауып алды. Үсті-басы су болып, әбден тоңған олар заттарымен, қайықпен бірге демалыс базасына жеткізілді.

«Шағын ғана қайық шамадан тыс салмаққа шыдамай аударылған болар. Абырой болғанда, бұл оқиға сәтті аяқталған. Ішіндегі адамдардың құтқару жилеттері де болмады. Облыста жүзу құралдарына мініп және балық аулап жүрген 9 адам суға батып кетті», - деп атап өтті құтқарушылар.


Соңғы жаңалықтар