Бұқаралық спорт: Ауладағы инфрақұрылымды дамытуға екпін қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай елімізде қарапайым спорт нысандарының саны 30 мыңға дейін жеткізілмек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық спортты дамытуда спорттық инфрақұрылымының болуы өте манызды. Бүгінде елімізде 23 мың қарапайым спорт нысаны жұмыс қызмет етуде. Жергілікті атқарушы органдардың есептеулеріне сәйкес, қарапайым спорт құрылысын (аула тренажерлері, жүгіру жолақтары, воркаут алаңдар) салу қажеттілігі жылына орта есеппен 1 мың 100 нысанды құрады. Осы орайда 2025 жылға қарай құрылыстардың жалпы саны 30 мыңға дейін жеткізілмек», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартудың маңызды компоненттерінің бірі - салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Осы орайда телевизиялық сюжеттер, фильмдер, бейнероликтер, акциялар, мастер-кластар, флешмобтар, ашық есік күндері, сондай-ақ әртүрлі байқаулар өткізу қарастырылған.

Айта кетейік, Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспары әзірленді. Бұл жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілiп, ҚР Премьер-Министрімен бекітілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дене шынықтыру мұғалімдері сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы алуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар