+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде карантиндік шаралар күшейтілуде

2020 жылғы 17 мамыр 16:58
Бөлісіңіз:
Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде карантиндік шаралар күшейтілуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 18 мамырдан бастап шектеу шаралары күшейтілуде. Жеке көлік қозғалысына толықтай тыйым салынады, жұмыс және қоғамдық шаралар тоқтатылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында сырқаттану көрсеткішінің артуы байқалады - апта сайынғы өсім 66%. Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және КВИ жұқтыруы мен таралуының алдын алу мақсатында Ботақара кентінде карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров.

Ботақара тұрғындарына кент бойынша аса қажет болмаған жағдайда жүруге тыйым салынады. Арнайы және медициналық қызметтердің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ұйымдардың жүріп-тұруын санамағанда, басқа тұрғындарға жеке көлікпен жүруге тыйым салынған.

Қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтатылады.

Сондай-ақ Ботақара карантиндік аймағының периметрі, кіру және одан шығу пункттері анықталатын болады. Блок бекеттер орнатылады.

Қызметі рұқсат етілген кәсіпорындар санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді. Қызметкерлердің денсаулығына ұйымның иесі немесе басшысы жауапты болады.

Ресми мәліметтерге сай, Ботақарада КВИ 10 жағдайы тіркелген, 205 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 77 адам жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста және 128 әлеуетті байланыста болған.

Сонымен қатар, Бұқар жырау ауданында «Қазақмыс» корпорациясы« АҚ Нұрқазған кен орнының қызметкерлері арасында КВИ ауруының таралуы тіркелген. 17 мамырдағы жағдай бойынша онда 15 COVID-19 жағдайы анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT