Бұхарада іргесі XVI ғасырда қаланған медресенің қабырғасы құлады

None
None
БҰХАРА. ӨзА-ҚазАқпарат - Бұхарадағы 16 ғасырда іргесі қаланған Абдуллахан медресесі қабырғасының бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Бұқара облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған көпжылдық техногендік процестер (ыстық және суық климат, жауын-шашын мен жер асты суларының көтерілуі) себеп болған.

Осы жағдайға орай Мәдени мұра агенттігінің облыстық департаменті, Бұхара қаласы әкімшілігі, реставраторлар мен мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылып, жергілікті жерде зерттеу жүргізілген. Оның негізінде Абдуллахан медресесінің артқы қабырғасының құлаған бөлігін белгіленген тәртіпте қалпына келтіру және қажетті жұмыстарды ұйымдастыру істері басталды.

«Бұл ретте ғалымдар, реставраторлар мен білікті мамандар Бұхарадағы техногендік процестердің әсерінен эрозияға және құлауға бейім 40 мәдени мұра объектілерінің сақталуын зерттеп, қорытынды бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар жіберілді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы жағдай бойынша прокуратура тергеу жұмыстарын бастады.


Соңғы жаңалықтар