Бүгінгі күннің сын сұрақтарына лайықты жауап: «Аралтұз» АҚ қызметкерлерінің жалақысы өседі

None
None
АРАЛ. ҚазАқпарат - «Аралтұз» АҚ қызметкерлерінің жалақысы өседі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Аралтұз» АҚ компаниясының басшылығы қызметкердің табысынан 1% мөлшерінде алынатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарының қосымша ұлғаюын өтеу туралы шешім қабылдады.

Бұл зауыт қызметкерлерінің қолына алатын жалақысын сақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, егер шешім қабылданған жағдайда компания Арал өңірінің Қазақстандық бөлігінің қолайсыз аумақтарының экологиялық төлемдерінен міндетті зейнетақы төлемдерін (МЗЖ) толық өтеуге дайын.


Бұдан басқа, өзінің ұзақ мерзімді тұрақты өсу және әлеуметтік қолдау стратегиясын ұстана отырып, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап «Аралтұз» АҚ зауытының өндірістік персоналына жалақы орта есеппен 10%-ға арттырады.

Нәтижесінде компанияның еңбекақы төлеу қоры, салықтар мен аударымдарды қоса алғанда, 15,8%-ға ұлғаяды.

«Аралтұз» АҚ 1925 жылы құрылған Қазақстандағы тұз өндіру және қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылады.

«Аралтұз» компаниясы қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны берік ұстана отырып, қазіргі уақытта өндірілетін өнімнің 76%-ын Ресей Федерациясының барлық федералдық округтеріне, Қырғызстанға, Украинаға және Өзбекстанға экспорттайды.


Жақын болашақта компания өз жеткізілімдерінің аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сондықтан оның негізгі мақсаты - оңтүстік-шығыс Азия нарығына: Қытай, Тайваньға, сондай-ақ Таяу Шығыс: БАӘ, Катар, Аман және басқа елдерге шығу.


Соңғы жаңалықтар