07:22, 26 Мамыр 2020 | GMT +6
Бүгін Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 26 мамыр күні ауа сапасының нашарлауы бір ғана қалада – Шымкентте күтіледі.
Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.