+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Бүгін Қызылордада ауа температурасы 47 градусқа көтерілді

2020 жылғы 3 маусым 20:29
Бөлісіңіз:
Бүгін Қызылордада ауа температурасы 47 градусқа көтерілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада ауа райы 47 градусқа дейін көтерілді. Бұл - соңғы жылдарда тіркелген ең жоғары температура, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болатыны ескертілді Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды Атырау мен Маңғыстауда 42 градус аптап ыстық сақталады

Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға хабарлаған болатын. Мамандар көпшілікті аптап ыстықтан қорғануға шақырды.

Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітова аптап ыстықта өңірде шақырту деңгейі бұрынғысынша қалыпты болғанын айтады.

«Облыста аптап ауа райы тіркелген 31 мамыр-2 маусым аралығында 3 мыңнан астам шақырту түскен. Бұл - жай күндердегі шақыртумен қатарлас. Оның арасында қан қысымы ауруымен 544 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл да алаңдатарлық деңгейде емес. Десе де біз тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деді ол.

Күннің аптап ыстық болуына қарамастан соңғы күндерде суға кету оқиғасы тіркелмеді. Сондай-ақ, өрт оқиғасы да кездескен жоқ. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT