05:33, 16 Қазан 2021 | GMT +6
Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы бұзылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 қазан күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Қостанай, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.