Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның деректеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін 27 қарашада Нұр-Сұлтан, Теміртау, Өскемен қалаларында ауа сапасы төмендейді.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар