Бүгін - Қазақстанда рухани келісім күні

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда рухани келісім күні аталып өтеді.

1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті.

Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылдады.

Содан бері жыл сайын елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіп келеді.

Бүгінде республикада 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Республикамызда мекендейтін барлық халықтардың адамгершілік және рухани бірлігі - еліміздің одан әрі гүлденуінің басты іргетасы.


Соңғы жаңалықтар