Бүгін Қарағандыда бірнеше қалааралық автобус жолға шықпады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қарағандыдан жеті бағыт бойынша қалааралық автобустар жолға шықпады. Облыс әкімдігінде аталмыш жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең қарағандылықтар қалааралық автобустардың болмауына қатысты наразылық білдірді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жолға №3 автопарктің 7 бағыт бойынша автобустары шықпаған.

Ол - Қарағанды-Теміртау, Қарағанды-Саран, Қарағанды-Абай, Қарағанды-Шахтинск, Қарағанды-Шахан, Қарағанды-Топар, Қарағанды-Егіндібұлақ бағыттарындағы жолаушы көліктері.

«Қазіргі таңда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарк басшылығымен келіссөз жүргізіп, қосымша субсидия бөлу мәселесін талқылап жатыр. Қорытындысы қосымша хабарланады. Тасымалдауды тоқтату алдын ала келісілмеген және мемлекеттік органдарға бұл туралы дер кезінде хабарланбағанын атап өткен жөн», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар