Бүгін Қарағанды облысының екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 маусым күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Теміртау және Балқаш қалаларында болжанады.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Синоптиктер 8 маусымда ауа сапасы Теміртау қаласында нашарлайтынын айтқан болатын.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Соңғы жаңалықтар