Бүгін Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады. Бір баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 сәуірде Сәтбаев қаласында 2013 жылы туған бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетт. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр.

Дәл осындай жағдай бүгін Балқашта да болды. Онда 2-ші қабаттағы пәтердің терезесінен 3 жасар бала құлап түсті. Бала медициналық мекемеге жатқызылды.

ТЖД қызметкерлері ата-аналарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді, өйткені жаз мезгілінде осындай жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі ересектер тарапынан тиісінше қадағаланбауы болып табылады.

«Ата-аналарды кішкентай балаларды қадағалауды күшейтуге, оларды терезелері ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыздар. Москит торларына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына жол бермейтін арнайы қысқыштарды қойыңыздар. Терезелердің қауіптілігі туралы балалармен сөйлесіңіздер. Мүмкіншілік болса арнайы құрылғылар орнатқан жөн. Терезенің тұтқаларын алып тастап, тек қажетт кезде ғана пайдаланыңыздар», - дейді құтқарушылар.


Соңғы жаңалықтар