Бүгін «Хабар» телеарнасында «Мәжіліс.КZ» жаңа бағдарламасы басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру аясында қоғам мен билік арасындағы диалогты дамытуға және нығайтуға бағытталған «Мәжіліс.КZ» жаңа телевизиялық жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апта сайын әр жексенбіде Мәжіліс депутаттары, заң жобаларын жасаушылар, азаматтық қоғам өкілдері отандық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды, қандай да бір заңдарды қабылдау не үшін қажет, қазақстандықтардың өміріне олардың қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді.

Жаңа тележобаның алғашқы қонағы – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бірінші шығарылым бүгін, 19 қаңтарда, сағат 18:45-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.








Соңғы жаңалықтар