Бүгін «Хабар» арнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлер» деректі фильмі көрсетіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлер» жаңа деректі фильмі көрерменге жол тартады. Жоба - Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің жалғасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» фильмін көрсеткен болатын.

Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін туындының сюжеттік желісі қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделді.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлер» атты екінші фильмде көрермен назарына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың эксклюзивті сұхбаттары ұсынылады.

Фильм мародерлар туралы жаңа фактілерді ашып, олардың өзіндік пікірлерін ашып көрсетеді.

«Қазір қоғамға елімізде туындаған қиындықтар кезінде өз пайдасын ойлаған мародерлардың іс-әрекеті - күрделі мәселе екенін түсіндіру өте маңызды. Фильмнің мақсаты - мародерлардың әрекеттерін ашық көрсетіп, олардың көзқарастарын, қылмыс жасауға ненің итермелегенін білу болды. Адамдарға жазаның қолданылмай қалмайтынын түсіндіру қажет», - деді жоба авторы Айгүл Әділова.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлер» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 23 ақпан күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар