Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 21 қараша күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар