Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Дипломатиялық қызмет күні және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл толды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Айта кетейік, 1992жылдың 2 шілдесінде Елбасының Жарлығымен еліміздің Сыртқы істер министрлігі құрылған еді. Ал «ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» №3827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 837 Жарлығымен кәсіби және өзге де мерекелер тізбесінде 2 шілде -Дипломатиялық қызмет күні деп толықтырылған.

Сондай-ақ, 2017 жылдың  20 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды . Аталған заң дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.

Қазақстан барлық БҰҰ елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған соң, ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атана бастады. Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың белді мүшесі және 2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланды. Және биыл Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде.

Сонымен бірге, Қазақстан  көптеген бітімгершілік операцияларға қатысады. 4-5 шілде күндері Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесінің кезекті V раунды өтеді. Бұған дейін сирияаралық келіссөздер мәселелері бойынша 23-25 қаңтар, 15-16 ақпан, 14-15 наурыз және 2-3 мамыр күндері төрт кездесу өткен еді.

25 жыл ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматымен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жәнеұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанның азаматтары 69 елдің аумағына белгілі бір мерзім ішінде визасыз қатынай алады және 45 елдің азаматы Қазақстанғ авизасыз келе алады.

Мерейтой қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бірқатар журналистер мен БАҚ басшыларын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медальдарымен марапаттады . Олардың ішінде «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Қаламқас Әбуова да бар.

Соңғы жаңалықтар