07:19, 06 Сәуір 2021 | GMT +6
Бүгін Балқашта ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 сәуірде Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін атмосфералық ауаның ластануы тек Балқаш қаласында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.