Бүгін Атырауда COVID-19 жұқтырған әйел 10 күн бұрын Алматыдан ұшып келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында дәрігерлер 49 жастағы әйелдің COVID-19 инфекциясын қайдан жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін коронавирус табылған 49 жастағы әйел 21 наурызда Алматы – Атырау рейсімен ұшып келген.

Бұдан бұрын осы рейспен ұшып келген 19 жастағы студент коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызылған болатын. Аталған әйелдің ауруы жас жігітпен байланыста болған тұлғаларды тестілеу барысында анықталды.

Бұл рейстің барлық жолаушысы анықталып, оқшауланды. Олар коронавирусқа тест жасап жатыр.

Қазіргі уақытта елде 336 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде Атырау облысында – 13 жағдай тіркелді.


Соңғы жаңалықтар