Бүгін 15 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25 қаңтарда еліміз қалаларында болатын ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Теміртау, Павлодар (1-дәрежелі), Петропавл, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Өскемен (2-дәрежелі) және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар