Бублик-Кукушкин жұбы Аустралия чемпионатының ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп үшінші айналымда америкалықтар Стив Джонсон мен Сэм Куэрримен шеберлік байқасты.

Бублик пен Кукушкин қарсыластарын 6:4, 6:2 есебімен екі сетте ұтты.

Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін аустралиялықтар Джеймс Дакворт пен Марк Полманспен таласады. М Кукушкин жекелей сында осы М.Полманстан ұтылып қалған болатын.

Әйелдер арасында жұптық сында Елена Рыбакина мен Зарина Дияс та жарысты жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Кукушкин мен Бубликтің Аустралия чемпионатының үшінші айналымына шыққанын, Ю.Путинцеваның жеңіліп қалғанын, З.Диястың әлемнің 10-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар