Брюссельде «әуеде қалқыған» мейрамхана ашылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. EURONEWS-ҚазАқпарат - Брюссельде «әуеде қалқып тұратын» мейрамхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнда ресторан қонақтары жайғасқан үстелді кран 50 метр биіктікке дейін көтереді.

Көлденеңінен алғанда үстелдердің арасындағы арақашықтық - үш метрден, ал дастарқан басында отырған адамдар арасындағы қашықтық - бір метрден.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қонақтарды креслоға жақсылап белбеумен бекітіп қойған.

Даяшылар да сақтандыру белбеуімен жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар