+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды

2019 жылғы 8 қараша 10:53
Бөлісіңіз:
Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эссекстегі оқиғадан бірнеше апта уақыт өткен соң Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды, деп хабарлайды CNN.

«Англияның оңтүстік батысында жүк көлігінен табылған 15 адам мемлекетке заңсыз кірді деген күдікпен қамауға алынды», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі, 50 жастағы Ирландия азаматы да оларға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, жүк көлігінен табылған 16 мен 30 жос аралығындағы ер адамдардың қай мемлекет азаматтары екені әлі белгісіз.

Бұл оқиға Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылғаннан кейін бірнеше аптадан соң болып отыр. Осы аптада Вьетнам полициясы оқиғаға орай сегіз адамды қамауға алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар жүк көлігінің жүргізушісі, 25 жастағы Мо Робинсон өткен айда сот алдында жауап берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT